Астана полициясында ІІО ардагерінің «Воспоминания сыщика» кітабы таныстырылды
Астана полициясында ІІО ардагерінің «Воспоминания сыщика» кітабы таныстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы Есіл ауданы Полиция басқармасының акт залында идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру, мәдени және рухани-адамгершілік деңгейін арттыру, сондай-ақ жеке құрамды қызметтік міндеттерін адал атқаруға ынталандыру аясында «Воспоминания сыщика» кітабының тұсаукесерін өткізді.
Кітаптың авторы, ІІО ардагері Жанат Битенов қарапайым жедел уәкілден бастап криминалдық полиция төрағасының орынбасарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетіне дейінгі оңай емес жолдан өткен. Іс-шараға Ішкі істер органдарының ардагерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық оқу орындарының курсанттары, сондай-ақ департаменттің жедел-тергеу бөліністерінің қызметкерлері қатысты.
Кітапта қазақстандық полицияның үздік дәстүрлеріндегі ұрпақтар сабақтастығы, Отанымыздың игілігі үшін жұмыс істейтін, кейде өз өмірін қатерге тігетін, жеке уақытымен есептеспей тәуліктің кез келген уақытында көмекке келуге дайын тәжірибелі және батыл адамдар туралы баяндалады.
Ішкі істер органдарының ардагері Жанат Битенов барлық күш-жігері мен өмірін арнаған полициядағы қызметін – өзінің басты еңбегі мен абыройы деп санайды. Ол әлі күнге дейін полицияның өз қызметкерлерімен мақтануы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді.
– Ішкі істер органдарының қызметкері болу, ең алдымен, өз міндетін мінсіз орындау – адамдарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау. Мұнда қабілетсіз қызмет істеу мүмкін емес. Себебі полиция қызметкері – жұртшылық алдында биліктің өкілі, – дейді Ж. Битенов.
Кітапта автор өзі және оның қарамағындағы қызметкерлері елорданың және республиканың басқа қалаларының аумағында ашқан ең резонансты қылмыстар, түрлі санаттағы қылмыстарды ашу және тергеу кезінде қолданылатын жедел-іздестіру қызметінің әдістері туралы баяндайды. Әртүрлі жағдайларды сипаттай отырып, автор зардап шеккендерді де еске алады, себебі әр істің артында тірі адамдар тұр, сондай-ақ жедел қызметкерлер мен тергеушілердің табандылығын, батылдығын, тапқырлығын, кімдермен жұмыс істегенін, осындай қиын әрі қызықты мамандық тарихында өз ізін қалдырған жарқын тұлғалар – керемет тәлімгерлерді еске алады.
Бұл кітап полицейлердің қазіргі және болашақ ұрпақтарының патриоттық рухын нығайтуға және бекітуге көмектеседі. Жас қызметкерлер үшін ол – өз міндетін адал және кәсіби түрде орындауға жетелейін, қызметте нұсқаулық беретін, күделікті жұмысында пайдаланатын таптырмас құралға айналуы мүмкін.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің таңдаған кәсібіне деген мақтаныш сезімін арттыруға әсер етеді, моральдық-психологиялық жағдайды нығайтады, сондай-ақ өзінің қызметтік міндеттерін атқару үшін жеке жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.