Астана қаласы бойынша ҚАЖД мекемесінде спорттық эстафета ұйымдастырылды
Астана қаласы бойынша ҚАЖД мекемесінде спорттық эстафета ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №64 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Іс-шараға барлығы 34 сотталған азамат қатысып, әр кезеңге белсенді қызығушылықпен атсалысты. Эстафета барысында қатысушылар дене шымырлығын, ептілікті, ұйымшылдық пен командалық рухты көрсете білді.

Эстафетаны ұйымдастырушының айтуынша, мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіріп қана қоймай, сотталғандардың эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп, оларды салауатты өмір салтына баулиды. Жеңімпаздарға шағын, бірақ ынталандырушы сыйлықтар табысталды. Алайда қатысушылар үшін ең маңыздысы – көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік болды.

Мекеме әкімшілігі бұл бастаманың алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатынын атап өтті. Спорттық шаралар сотталғандар арасында оң моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.
 
						
 
											