Астана қаласы бойынша ҚАЖД қызметкері қайырымдылық марафонына қатысты
Астана қаласы бойынша ҚАЖД қызметкері қайырымдылық марафонына қатысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада жыл сайын өтетін "Jüregimniñ Jenimpazy" қайырымдылық жүгіру марафоны өтті. Шараның мақсаты — ағза трансплантациясы мәселесіне назар аудару және ауыстыруды қажет ететіндерге қолдау көрсету. 2025 жылғы 10 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда мұндай науқастар саны – 4 226 адам, оның 128-і — балалар.
Бұл марафонға Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері 3 км қашықтыққа қатысты. Бұл іс-шара трансплантологияны дамытуға және қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
— Мұндай акциялар адамдарды біріктіріп, спорт арқылы да өмірді құтқаруға болатынын көрсетеді. Осындай маңызды шараның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз, – деп атап өтті шараға қатысқан қызметкеріміз.