Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана қаласы ПД  бастығы ПИК және МИБ өкілдерімен кездесті

Астана қаласы ПД  бастығы ПИК және МИБ өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ПИК және МИБ өкілдерімен кездесті. Қазіргі таңда қалада олардың саны мыңға жуық.

Кездесу барысында полиция мен қоғам өкілдері қала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Халықпен жұмыс істеу – полиция қызметінің маңыздыстратегиялық бағыты, оның басты мақсаты – полиция мен қоғам арасындағы серіктестік қарым-қатынасты орнату.
Өткен 2024 жылы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауаптылықты күшейту, кәмелетке толмағандар арасындағы буллингке қарсы күрес, вейп сатылымын шектеу, есірткі қылмысы мен құмаройындарға қарсы іс-қимыл бойынша көптеген заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ мопедті басқару құқығы жүргізуші куәлігімен расталатынын атап өтті. Бұған қоса, бұзақылық, вандализм және мүлікті бүлдіру қылмыстары үшін жаза күшейтілді.
Сонымен қатар кездесуде ПИК және МИБ өкілдерін құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді тарту мәселелері қаралды.

Департамент бастығы полиция мен ПИК арасындағы өзараіс-қимылдың маңыздылығын, елордадағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, жүргізілгенпрофилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың азайғанын атап өтті.

Талқылау барысында қатысушылар жол белгілері, қар тазалаужәне шығару, жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігі, тұрақ ережелерін бақылау сияқты мәселелерге назар аударды.

– Барлық мәселелер қаралып, күнделікті жұмыста ескеріледі, – деді Марат Төлебаев.

"Заң және тәртіп" қағидаты аясында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қоғамдағы тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілікжүктелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру