Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер көлік жүргізушісінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасыру фактісін анықтады

Астана қаласында полицейлер патрульдеу кезінде көлік жүргізушісінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Polisa.kz.

Тексеру барысында 21 жастағы жүргізушінің ақылы автотұраққа көлігін қойып, төлемнен жалтару мақсатында нөмірдің бір бөлігін жауып қойғаны белгілі болды. Тұрақ аумағынан шыққан соң да ол жапқышты шешпей, қозғалысын жалғастырған. Бұл әрекетті полиция қызметкерлері дер кезінде байқап, жүргізушіні тоқтатты.

Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен азамат бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Көлік құралы коммуналдық айыптұраққа жеткізілді.

Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және мемлекеттік нөмірлік белгілерді әдейі жасыру – заңмен белгіленген жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Заңды айналып өтуге тырысқан әр әрекет өз салдарынсыз қалмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру