Астана полициясы электросамокат ұрлаған қала тұрғынын ұстады
Астана қаласының полициясы гараждан жасалған ұрлықтың ізін суытпай ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада тұрғын үйінің қасындағы гаражға қалдырған құны шамамен 350 мың теңге тұратын элетрсамокатының қолды болғанын айтып, тәртіп сақшыларына жүгінген.
Жәбірленушінің айтуымен ақпарат алған Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жасалған ұрлыққа қатысты деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғынын анықтаған.
Тергеу барысында аталған күдікті ауладағы гаражда тұрған екі аяқы көлікті көзі шалып, ешкімнің бақылап тұрмағанын аңғарып, иеленіп үлгерген.
Аз уақыттан соң жәбірленуші құнды затының жоғалғанын аңғарып, бірден тәртіп сақшыларына телефон соққан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға әр уақытта қырағы болып, құнды заттарды көзден таса қалдырмауға кеңес береді.