Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды
Астана тұрғыны баспаналы боламын деп алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқ мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алуға жәрдем берем деп уәде беріп, кейін ақшаны алып ізін суытқан.
Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, көптен күткен баспанасына ие бола алмады. 2 млн теңгеден астам соммаға алданып қалды. Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды. Күдікті қылмысын мойындады.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында күдіктінің тағы да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды.