Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны дүкен кассасынан ақша ұрлаған

Астана тұрғыны дүкен кассасынан ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қолына қорап алып жүгірген ер адам жақын маңдағы ғимаратқа орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция бөлімінің жедел қызметкерлері дүкеннің кассасынан 80 мың теңге ұрлаған 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтаған. Сағат 05:00 шамасында ер адам басқа кілтті пайдаланып, дүкен есігін ашып, кассадан ақша салынған бір қорапты алып шыққан. Қылмыс орнынан қашып кеткен ол қалтарысқа тоқтап, қораптағы ақшаны қалтасына тығып, «ізін суытқан».

Алайда оның күдік тудырған жүрісімен әрекеті сол аумақтағы бейнекамераға түсіп қалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның тағы екі дүкен ұрлығына қатысы бары анықталды. Анықталғандай, ол бір күн бұрын Қаныш Сәтбаев көшесімен келе жатып, кіреберіс металл пластикалық есіктің магнитін жұлып алып, дүкенге кіріп, кассадан 102 мың теңгені ұрлап кеткені де белгілі болған.

Қазіргі уақытта қаскөй ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындап отыр.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астана тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, оның елордада бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру