Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны колонияға телефон мен есірткі өткізбек болған

Астана тұрғыны колонияға телефон мен есірткі өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының тұрғыны елордалық ҚАЖД-ға қарасты № 2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға телефон мен есірткі жеткізбек болған. Алайда ҚАЖД қызметкерлері жедел ақпаратты іске асыру барысында сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды жеткізудің алдын алды.

Сонымен, азық-түліктерді тексерген кезде палау салынған контейнердің телефон табылды. Майонез банкісінен тағы 2 телефон алынды. Темекінің ішінен салмағы шамамен 4 грамм болатын марихуана тәркіленді.

– Сәлем-сауқат алып келген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беруге тырысқаны үшін әкімшілік іс қозғалады. Сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіруіне жол бермеу бойынша осы бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда, – деп түсіндірді Астана қалалық ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Рамазанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру