Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны велосипедін тауып берген полицейлерге ризашылығын білдірді

Астана тұрғыны ұрланған велосипедін тауып берген Сарайшық аудандық криминалдық полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы тұрғынының Қалдаяқов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің подъезінен ұрланған Stern қара түсті велосипеді табылып, өзіне қайтарылғаны үшін Сарайшық аудандық криминалдық полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

20 жастағы күдікті велосипедті ұрлап, оны ломбардқа тапсырған. Сарайшық аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын  жүргізіп, ұрланған мүлікті тауып, тәркілеп, иесіне қайтарды. Велосипед иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі жедел жұмысына ризашылығын білдіріп, олардың әділдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жауапты еңбегін ерекше атап өтті.

Азаматтардың өтінішіне уақытылы ден қою, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік  борышы. Азаматтардың пікірлерінің арқасында астаналық полицейлердің жұмысы назардан тыс қалмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру