Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны жалған хабарландыруға сеніп, ақшасынан айырылды

Астана тұрғыны хабарландыру сайтынан арба сатып алмақ болған, алайда интернет-алаяқтың құрбанына айналды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада 33 жастағы әйел интернет-алаяқтың құрбаны болды. Полицейлердің мәліметінше, алаяқ кеңінен танымал сайттардың біріне мүгедектер арбасын сату туралы жалған хабарландыру орналастырған. Жәбірленуші бұл хабарландыруға сеніп, қызына арба сатып алмақ болады. Екеуара сөйлесіп, сауда шарттарын келіскен соң, әйел арбаны тезірек алғысы келіп, сатушыға бірден ақша аударады. Алайда ақша қолына тиген бойда күдікті жәбірленушіні бұғаттап тастаған.

Осы факті бойынша Нұра аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 31 жастағы күдіктіні анықтады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұған дейін де бірнеше азамат осы тұлғаның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккені белгілі болды.

Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Бейтаныс адамдарға ақша аударудан, күмәнді сайттар мен тексерілмеген интернет-дүкендерден тауар сатып алудан аулақ болыңыздар. Кез келген күмән тудырған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру