Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны жоғалған сөмкесін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Астана тұрғыны жоғалған сөмкесін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғындары “102” каналы арқылы көмекке келген полиция қызметкерлері туралы пікірлерін айтып, жиі алғыстарын білдіріп жатады.  

Кезекті алғыс автобустың ішінде сөмкесін ұмытып кеткен қала тұрғынынан келіп түсті. 

Нақтырақ айтсақ, азаматша елордада маршруттық автобустың ішінде сөмкесін ұмытып кеткен, сөмкенің ішінде ірі сомалы ақша, алтын зергерлік бұйымдар, Iphone және Samsung маркалы екі телефон болған. Кейін “102” каналына хабарласып, полициядан көмек сұраған. Хабарласқан азаматтың шағымын орындау үшін полиция қызметкерлері жоғалған затты іздестіруге кірісіп, кейін сөмкені тауып иесіне қайтарып береді.

Қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру