ІІМ Астанада 100 млн теңгеге бағаланған кокаинді тасымалдау әрекетінің жолын кесті
Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күресті жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады. Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді.
Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.