Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 16 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды

Астана полицейлері миллиондаған қарызы бар борышкер жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Toyota Camry автокөлігі жүргізушісінің 16,5 миллион теңге көлемінде берешегі бар. Борышкердің орналасқан жерін анықтау үшін жедел басқару орталығының қызметкерлері патрульдік полицияның жеке құрамын бағыттады.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде патрульдік жасақтар Toyota Camry автомашинасын Қабанбай батыр даңғылында тоқтатты. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, жүргізуші қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді.

Елорда аумағында 29-31 шілде аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

«Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері елорда аумағында 70-тен астам қылмыс тіркелді, оның ішінде кезекші тәулікте 48 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 40-тан астам қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер 2,5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішудің немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болудың 266 фактісі, тыныштықты бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды.

Түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болған 100 жасөспірім анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру