Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 300 мыңнан астам оқушы мен студент есірткінің зияны туралы диктант жазды

Астанада 300 мыңнан астам оқушы есірткінің зияны туралы диктант жазды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұндай шара елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталған іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу және жолын кесу, есірткі қылмысының салдары туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.

Есірткі – бұл үнемі жас ұрпақтың есіне салып отыруды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы колледждер мен жоғары оқу орындарының 1, 2-курс студенттерінен және жоғары сынып оқушыларынан есірткіні қолданудың зияны туралы қалалық диктант алды. Нашақорлықтың алдын алуға және есірткі қылмысымен күресуге бағытталған ауқымды шараға 300 мыңнан астам мектеп оқушысы мен студенттер қатысты. Жазбаша жұмыстармен қатар, полиция қызметкерлері студенттермен профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Студенттерге нашақорлықтың салдары, нашақорлыққа тәуелділіктің қалыптасуы және психиканың бұзылуы, сонымен қатар есірткіні таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделетіні туралы айтылды.

Мұндай іс-шаралар жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастырудың, құқықтық сауаттылығын арттырудың бір жолы саналады. Бұл іс-шара жасөспірімдерді есірткіге, ішімдікке тәуелді болмауға, қылмыс жасамауға, өзінің жарқын болашағын ойлауға дәріптейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру