Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада абаттандыру ережелерін өрескел бұзған адам ұсталды

Астанада абаттандыру ережелерін өрескел бұзған адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада қала тазалығын сақтау және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда. Іс-шара аясында полицейлер абаттандыру ережелерін бұзу мен экологияға зиян келтіретін фактілердің алдын алу бойынша рейдтер жүргізіп жатыр.

Рейдтердің бірінде ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Ол жүйелі түрде ағынды суларды кәріз жүйесіне құйып келген. Құқық қорғаушылар оның заңға қайшы 35 әрекетін тіркеді.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар рәсімделіп, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция мұндай әрекеттердің қоршаған ортаға елеулі зиян келтіретінін, топырақ пен су айдындарының ластануына әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Елорда тұрғындарын экологияға ұқыпты қарауға, абаттандыру ережелерін сақтауға және заң бұзушылықты байқаған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру