Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада абаттандыру ережесін бұзған 21 мыңға жуық азамат жауапқа тартылды

Астанада абаттандыру ережесін бұзған 21 мыңға жуық азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Астана қаласының полиция департаменті осы жылдың 15 сәуірінен бастап «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» акциясын өткізуде.

Науқан басталғаннан бері қоқысты заңсыз шығару, жалпы пайдалану орындарының ластануы және абаттандыру ережелерін өзге де бұзу фактілері бойынша барлығы 21 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Күн сайын полицейлер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына бейім орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізеді, «Ikomek 109» бірыңғай анықтамалық қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, белгіленбеген орындарда қоқыстарды түсіруді және ағынды суларды төгуді жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Акция басталғаннан бері жүк және ассенизаторлық көліктің 280-ден астам жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Shacman жүк көлігінің жүргізушісі Төле би көшесінде қоқысты рұқсатсыз түсіруге жол берген. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабында көзделген әкімшілік жазалау шаралары қабылданды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру