Астанада адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті
Қазақстанда адам саудасына қарсы күреске ерекше назар аударылады. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың төрағалығымен адамдарды заңсыз әкету, әкелу және саудалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырысқа Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Сыртқы істер министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Бас прокуратураның, Қаржы мониторинг агенттігі, ҰҚК Шекара қызметінің басшылары, сондай-ақ халықаралық көші-қон ұйымының Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заң жобасын әзірлеу туралы және балалардың құқықтарың қорғау туралы әзірленіп жатқан заңнамалық толықтырулар туралы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2021 жылы адам саудасына қарсы күрес туралы баяндамасының ұсынымдарын, еңбекке мәжбүрлеу фактілерін анықтау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен ұйымдастырған “Адам саудасына қарсымыз” ақпараттық марафонын өткізу барысы туралы талқылады.
Ведомство басшысы елімізде жыл сайын адам саудасына байланысты 100-ге жуық қылмыстық іс қозғалатынын хабарлады. Ағымдағы жылы адам саудасымен айналысатын 4 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.
Қазақстан – адам құқықтары саласынадағы 60-тан астам көпжақты шарттардың қатысушы. Оның 13-і құлдықтың қазіргі түрлеріне қарсы тұрумен тікелей байланысты.
Қазіргі таңда, ІІМ-мен ел Президентінің тапсырмасы бойынша “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” заң жобасы әзірлеп жатыр.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов өз сөзінде заң жобасы жаңа анықтамалар енгізуде; адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органдарды белгілеуге; адам саудасының тәуекелдерін бағалауды және құрбандарды қайта бағыттау тәртібін енгізуге; ҮЕҰ рөлін айқындауға; адам саудасы құрбандарының құқықтарын бекітуге бағытталғанын атап өтті.
Талқылау барысында комиссия мүшелері Балалардың құқықтарын қорғау және балар жылына қабылданатын шаралар туралы мәселені атап өтті.
Комиссия мүшелері адам саудасы мен оларды пайдалану фактілерін анықтау және алдын алу бойынша ақпараттық жұмысты, профилактикалық іс-шараларды жалғастыру қажеттігі туралы пікір алмасты.
Қорытынды ұсынымдар әзірленіп, сындарлы тапсырмаларды қамтитын хаттамаға қол қойды.