Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада әйел өзінің тұрақты клиентін алдап кеткен

Астанада әйел өзінің тұрақты клиентін алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызбен полицияға жүгінді. Оның айтуынша, өзі тұрақты түрде қызметіне жүгінетін шугаринг шебері оған таныс дәрігер-акушерге жүгінуге кеңес берген. Әйелдің айтуынша, ол жәбірленушінің қызын босандыру бойынша сапалы операцияны қамтамасыз ете алады және оның құны 1 млн 600 мың теңгені құрайды. 

Полицейлер күдіктінің шугаринг қызметін көрсету мақсатында клиентіне барғанын анықтады. Сол күні ол жәбірленушіні қызының операциясын төлеуге арналған ақшаны оған беруге көндіріп, қаражатты дәрігерге апарып беруге уәде берген. 

Алайда, ақшаны алғаннан кейін, күдікті байланысқа шығуды тоқтатқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 29 жастағы әйел алған ақшаны өз қажеттігіне жұмсағанын мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру