Астанада алаяқ өзін ірі банк өкілімін деп таныстырып, адамдарды алдаған
Астанада алаяқ өзін ірі банк өкілімін деп таныстырып, адамдарды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел өз қызметтерін достары арқылы ақпараттандырып, тиісті көмек ұсынуды кәсібіне айналдырған. Қазір екі астаналық полицияға хабарласқанымен, алаяқтың әрекетінен зардап шеккендер көп болуы да мүмкін. Себебі полицейлерге осы бағытта алаяққа алданған азаматтардан арыз түсу жалғасып жатыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Сарырқа ауданы ПБ полицейлері көптеген байланысы бар екенін көрсетіп, несие беруді ұсынып, кепілді жарна төлеймін деген желеумен азаматтардан ақша алған күдіктіні анықтады.
Анықталғандай алаяқтыққа күдікті деп табылған азаматша астаналық тұрғынды алдап, 8 миллион теңге көлеміндегі қаражатты иемденіп алған. Онымен тоқтамай тағы бір жәбірленушіден 2 миллион теңге көлеміндегі қаражатын қымқырып, алдау әрекетін жалғастырып отырған.
Әйел алаяқтық жасағанын мойындады. Қазір ол қамауға алынып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы қоса анықталып жатыр.