Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада алаяқтық фактісіне қатысы бар күдікті анықталды

Астанада алаяқтық фактісіне қатысы бар күдікті анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде әйел адам "кілтпен тапсыратын модульді үйлерді жасаймыз" деген жарнаманы көреді. Байланысқа шыққан өкілдер келіп, өлшеу жүргізіп, келісімшарт ұсынған. Құжатқа қол қойғаннан кейін жәбірленуші алдын ала төлем ретінде 2 миллион теңге аударған. Үйді 30 күнде салып береміз деп уәде берген.

Алайда құрылыс жұмыстары басталмаған, ал көп ұзамай "мердігерлермен" байланыс үзілген. Жәбірленуші полицияға жүгінген.

Есіл ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтады. Ол елордада тұратын 27 жастағы әйел. Сонымен қатар осы сызба бойынша жасалған тағы бес алаяқтық фактісі анықталды.

Полиция ескертеді: бейтаныс адамдарға ірі көлемде ақша аударуға асықпаңыз. Компанияның беделін тексеріңіз, құжаттарын сұратыңыз, хат алмасу мен төлем жасалғанын растайтын
деректерді сақтаңыз. Егер алаяқтық белгілерін байқасаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру