Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Астана қаласының Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы қызды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші өзінің танысынан жүргізуші куәлігін жасап беретін адам бар деген ақпарат естіген. Танысының кеңесімен ол күдіктімен байланысқа шығып, құжатты дайындап беру үшін 700 мың теңгеге жуық ақша аударған. Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмей, күдікті жәбірленушімен байланысын үзген. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға хабарласқан.

Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетіне қатысты бір ғана эпизод тіркелген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға сенбеуді және күмәнді қызмет түрлерін ұсынған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарлауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру