Астанада алаяқтықтың 25 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Астанада алаяқтықтың 25 дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет арқылы пәтерді жалға беремін деген сылтаумен бірқатар алаяқтық әрекет жасаған 34 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті танымал интернет-платформаларда жалған хабарландырулар орналастырған. Пәтер жалдағысы келген азаматтар хабарландыруда көрсетілген нөмірге хабарласып, алдын ала төлем жіберген. Ал күдікті ақша алған соң ол байланысқа шықпай қойған.
Қазіргі уақытта шамамен 25 жағдай тіркелді. Жедел-іздестіру шаралары жүріп, күдіктінің тұлғасы анықталды. Полицейлер күдіктіні қолға түсіріп, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Полицейлер интернет арқылы пәтер жалдағанда аса сақ болу керегін және ресми келісімшартсыз бейтаныс адамдарға алдын ала төлем жібермеуді ескертеді.