Астанада әлеуметтік желідегі танысы әйелдің телефонын ұрлап кетті
Астанада әлеуметтік желідегі танысы әйелдің телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұрлық фактісі бойынша полицияға туыстарына қонаққа келген Алматы қаласының тұрғыны жүгінді. Ол «Друг вокруг» танысу сайты арқылы 43 жастағы астаналықпен танысқанын айтты. Онлайн хат алмасудан кейін ол ер адамды жеке кездесуге шақырған. Танысу пәтерде ішімдік ішумен жалғасқан. Әйел ұйықтап қалған кезде «виртуалды жігіті» таңертеңге қарай оның телефонын ұрлап, қашып кеткен.
Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ер адамды анықтады. Телефонды ол өтіп бара жатқан бейтаныс адамға сатып жіберген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, жәбірленушіге келтірілген шығын сомасы өтелді.