Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада арнайы қызметке тиесілі жарық шамдарын заңсыз орнатқан жүргізуші анықталды

Астанада арнайы қызметке тиесілі жарық шамдарын заңсыз орнатқан жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция департаментінің патрульдік полиция мамандандырылған батальоны қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылы бойында 21 жастағы жігіттің басқаруындағы Toyota көлігін тоқтатты.

Полицейлер көлікке жүргізілген тексеру кезінде жүргізушінің көлікке көк және қызыл түсті жарық шамдарын заңсыз орнатқаны анықталды. Мұндай жарық сигналдары арнайы қызметтердің көліктеріне ғана рұқсат етілетінін полиция қызметкерлері түсіндірді.

Заң талаптарын бұзу фактісі бойынша жүргізуші жауапқа тартылды.

Полицейлер қала тұрғындары мен жүргізушілерді көлікті заң талаптарына сәйкес ұстауға және тәртіпті сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру