Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада 29 алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Астанада 29 алаяқтық қылмыс жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының Алматы аудандық криминалдық полиция қызметкерлері фаст-фуд желілерінің бірінде орын алған алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам тамақтану орнына келіп, өзін тұрақты клиент ретінде таныстырған. Ол касса менеджерінен 80 мың теңге көлеміндегі ұсақ ақшаны ірі купюраларға айырбастауды сұраған. Қызметкердің сеніміне кірген күдікті ақшаның бір бөлігін айырбастап алғаннан кейін, қалған соманы қайтармай, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Маңыздысы – тергеу барысында оның осындай сипаттағы тағы 29 алаяқтық қылмысқа қатысы бары анықталды. Бұл фактілер бойынша да тексеру жұмыстары жалғасуда.

Астана қаласы полиция департаменті кәсіп иелері мен сауда орындарының қызметкерлеріне, әсіресе кассирлер мен сатушыларға сақтық шараларын күшейтуді ескертеді. Қолма-қол ақша айырбастау кезінде бейтаныс адамдарға сенім білдірмеу және барлық операцияларды мұқият қадағалау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру