Астанада бірнеше алаяқтық жасаған күдікті құрықталды
Астанада тапсырыспен жиһаз жасап беремін деген сылтаумен бірнеше алаяқтық жасаған 26 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті азамат тұрғындарды корпустық жиһазға өлшеу жүргізіп, оны дайындау үшін алдын ала төлем жасауға үгіттеген. Ол үйге келіп өлшем алып, өз ісінің маманы ретінде көрінген. Жәбірленушілердің көпшілігі оны жеке таныстардың кеңесі бойынша шақырған. Алайда ақшаны алғаннан кейін ешқандай жұмыс жасамай кеткен.
Осы істердің бірінде келтірілген шығын көлемі шамамен 500мың теңгені құрады. Қазіргі таңда полицияға бірнеше адам арызданған, жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Күдікті өзінің тұрғылықты жерінде ұсталды.Қазір алдын ала тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция соңғы уақытта корпустық жиһаз жасау қызметін ұсынып, алаяқтық жасау жағдайлары жиілеп кеткенін ескертеді. Мұндай жағдайға тап болмас үшін мынадай қарапайым сақтық шараларын сақтау ұсынылады: шебер туралы ақпаратты ашық дереккөздер мен нақты пікірлер арқылы тексеріңіз, тек ауызша кеңеске сенбеңіз. Растайтын құжаттарсыз ірі көлемде қолма-қол ақша бермеңіз. Міндетті түрде орындаушының деректері, жұмыс мерзімі мен шарттары көрсетілген келісімшарт жасаңыз.
Астана қаласының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 48 жастағы ер адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті азамат 2 млн теңге көлеміндегі ақшаны алдау арқылы иемденген.
Тергеу барысында анықталғандай, ол жәбірленушімен сенімді қарым-қатынас орнатып, акцияларға тиімді инвестиция жасау сылтауымен ақша салуды ұсынған. Қомақты соманы алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпай қойған.
Бұл оқиға – күдіктінің дәл осындай тәсілмен жасаған бесінші қылмысы екені анықталды. Ол тұрғылықты жерінде ұсталды.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Әсіресе, бейтаныс адамдардың күмәнді инвестициялық ұсыныстарына сенбеңіздер. Алаяқтар жиі сенімге кіріп, жылдам пайда мен жоғары пайыздар уәде етеді, бірақ олардың мақсаты – сіздің ақшаңызды иемдену.
Қаражатыңызды салар алдында компанияның лицензиясын тексеріңіз, ақпаратты мұқият зерттеңіз және қысыммен шешім қабылдауға асықпаңыз. Күмән туындаса, кеңес алыңыз немесе бұл туралы полицияға хабарлаңыз.