Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті анықталды

Астана қаласында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап, ірі көлемде залал келтірген 34 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті Toyota Estima көлігін бөліп төлеу арқылы сатып аламын деп жәбірленушінің сеніміне кірген. Ол көлікті заңсыз иемденіп, кейін үшінші тұлғаға сатып жіберген.

Келтірілген материалдық шығын – 6 млн теңге.

Сонымен қатар анықталғандай, бұл азаматтың әрекеті осындай сипаттағы 5 эпизодтан тұрады. Әрбір жағдайда ол азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, ірі көлемде пайда табуды көздеген.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің іс-әрекеттеріне заңға сәйкес баға беріліп, тиісті шара қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру