Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада биыл техникалық ақауы бар 25 автобус анықталды

Астанада биыл техникалық ақауы бар 25 автобус анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Тексеру барысында автобустардың техникалық жай-күйі, олардың желіге шығу тәртібі және жүргізушілердің рейске шығар алдындағы медициналық тексерістен өту рәсімдері назарға алынды.

Осы жылдың басынан бері техникалық ақауы бар 25 автобус анықталды. Осыған байланысты автопарк басшылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 617-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық көліктердегі қауіпсіздік пен тәртіпті арттыру мақсатында автопарктердің басшыларымен 4 жұмыс кеңесі өткізілді. Сондай-ақ автобус жүргізушілерінің кәсіби біліктілігін арттыру және құқықтық сауаттылығын нығайту мақсатында 64 дәріс ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралар қоғамдық көліктегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру