Астанада бұрын сотталған азамат қайта қылмыс жасаған
Астанада бұрын сотталған азамат қайта қылмыс жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа аудандық ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түзеу мекемесіндегі сотталушының ісін әшкереледі.
Бірнеше рет сотталған 31 жастағы қала тұрғыны 2023 жылы бірқатар ұрлық жасағаны үшін сотталған. Алайда ол түзеу жолына түспей, бұрынғы жолына түсіп, ұрлық жасауға қайта кіріскен.
Ол түнгі уақытта автокөліктерге қызмет көрсету орталығының аумағына өтіп, сол жерден газ баллон, кескіш және 30 метр шлангты алып шыққаны анықталған. Қаскүнем өз әрекетімен 200 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Ол ұрланған материалдарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға арзан бағаға сатып жіберген.
Қазіргі уақытта полицейлер ер адамның елордада осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қалалық ПД сауда қызметкерлеріне қырағы болуды, жұмыс орындарын қараусыз қалдырмауды, бейтаныс адамдарға сенбеуді қатаң түрде ескертеді.