Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бұзақылық жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Астанада бұзақылық жасаған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Вандализм – бұл қоғамдық мүлікті жою және бүлдіру ғана емес, сонымен бірге мәдени мұраға, қоғамдық қауіпсіздікке және қала инфрақұрылымына үлкен қауіп төндіреді. 

Құқық бұзушылықтардың ішінде үйлер мен ескерткіштердің қабырғаларындағы жазулар, саябақтар мен қоғамдық бақтардағы қоқыстар, гүлзарларды таптау, аялдамаларда әйнек сындыру басым болып келеді. Мұның бәрі, әрине, қаланың көркін бұзады. Полиция қызметкерлері бұзақылықтың мұндай көріністерімен белсенді күресіп, аталған әрекеттердің алдын алу және жолын кесу шараларын қабылдауда.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті шараларды қолданады. 

Мысал ретінде қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болған оқиғаны атап өтуге болады, онда қаланың 34 жастағы тұрғыны лифттің есігін қасақана теуіп сындырған. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, нәтижесінде ол жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру