Астанада дабылқаққышы жұмыс істемейтін қарулар тәркіленді
Астанада дабылқаққышы жұмыс істемейтін қарулар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында Сарыарқа аудандық полиция қызметкерлері қару иелерін тексеруге бағытталған "Қару" және "Учаске" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Іс-шараның мақсаты — суық қаруды сақтау ережелерінің сақталуын бақылау және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Тексеру барысында бірқатар заң бұзушылық анықталды. Қосшығұлұлы көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде тұратын 44 жастағы азаматтың атына тіркелген қаруға орнатылған дабылқаққыш жүйесінің жұмыс істемейтіні белгілі болды.
Дәл осындай факт бойынша Кенесары көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің тұрғынына тіркелген, 61 жастағы азаматқа тиесілі қарудың да дабылқаққыш жүйесі жұмыс істемеген. Аталған азаматтар заң бұзғандары үшін жауапкершілікке тартылды, қарулар уақытша сақтауға алынды.
Полиция азаматтарға қаруды сақтау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Қару иелеріне орнатылған дабылқаққыш жүйелерінің үнемі дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды екені атап өтілді.