Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған волейбол турнирі басталды

"Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдық мерейтойына орай Астанада волейбол турнирі бастау алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл айтулы спорттық шара күштік және құқық қорғау органдарының ең мықты тоғыз командасын бір алаңға жинады. Турнирге қатысушылар үздік команда атағы мен "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы төрағасының Кубогы үшін бақ сынамақ.

Турнир "Aspan" спорт мектебінің базасында өтуде. Алғашқы ойындардан-ақ тартысты әрі қызықты атмосфера орнап, жанкүйерлер мен ойыншыларға ерекше әсер сыйлауда. Жарыстар әділ өтіп жатыр. Әр партия жоғары қарқынмен өтіп, ойын барысын қызықты әрі шиеленісті етуде.

Ашылу салтанатына елордалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, ҚР ІІМ Басқару академиясының, көлік полициясы департаментінің, Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің өкілдері мен басшылары, сондай-ақ спорт басқармасы басшысының орынбасары қатысты.

Өз құттықтау сөзінде полиция генерал-майоры Марат Төлебаев мұндай турнирлердің күштік құрылымдар қызметкерлері арасында спорттық рухты нығайтуға, командалық үйлесімділікті дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру