Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада дүкеннен телефон ұрлаған күдікті қолға түсті

Астанада полиция қызметкерлері бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікпен 18 жастағы жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Анықталғандай, күдікті комиссиондық дүкенге сатып алушы кейпінде кіріп, телефонды сатып алу мақсатында көріп жатқандай болған. Оңтайлы сәтті пайдаланып, ол мобильді құрылғыны ашық түрде алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген материалдық шығынның сомасы 400 мың теңгені құрады.

Күдіктінің жеке басы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ұрланған телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция кәсіпкерлер мен сауда нүктелері қызметкерлерін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру