Астанада дүкеннен ұрлық жасаған күдікті анықталды
Астанада дүкеннен ұрлық жасаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полицияға иіссу сататын дүкендердің бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер белгісіз тұлғаныың 150 мың теңгеге 3 әтір және қол сағатын ұрлағанын анықтады.
Полицейлер камераларды тексеру кезінде дүкен сөресінен тауар ұрлаған жас жігітті байқайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сақшылар бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты, өз ісін толық мойындады. Күдікті тауарды алып-сатарларға сатып жіберген.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.