Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада экс-қызметкер компаниядан қомақты қаржы жымқырған

Астанада экс-қызметкер компаниядан қомақты қаржы жымқырған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер ірі көлемдегі қаржы жымқырды деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады.

Анықталғандай, ол бұған дейін компаниялардың бірінде сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген және корпоративтік аккаунтқа қолжетімділігі болған. Жұмыстан кеткеннен кейін екі ай өткен соң оның Kaspi Pay жүйесіне қолжетімділігі тоқтатылмағаны белгілі болды. Осыны пайдаланған күдікті бірнеше ай бойы компания қаражатын өз шоттарына аударып отырған.

Компанияға келтірілген жалпы шығын 14 миллион теңгені құрады. Ұрланған қаражатты ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру