Астанада ер адам алкоголь сатып алу үшін өзгенің банк картасымен төлем жасаған
Астанада ер адам алкоголь сатып алу үшін өзгенің банк картасымен төлем жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті түнгі уақытта астаналық досымен бірге ішімдік ішкен. Алкоголь таусылғанда ол ауладан өтіп бара жатып, есігі ашық тұрған Renault Duster көлігін көрген. Содан көліктен әмиянды қолды қылған, оның ішінде төлем карталары болған. Содан кейін картаны пайдаланып дүкеннен 22 мың теңгеге алкоголь мен азық-түлік сатып алады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы елорда тұрғыны анықталды.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.