Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада есептегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды

Астанада есептегі азаматтардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Сарыарқа ауданы пробация қызметі Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, жаңа жыл мерекесі қарсаңында есепте тұрған сотталған азаматтардың балаларына арналған қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаж екендігін ескере отырып, жаңа жылдық қуанышқа бөлеу. Шара барысында балаларға тәттілерге толы жаңа жылдық сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер айтылды.

Мұндай игі бастамалар қоғамда мейірімділік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ пробация есебінде тұрған азаматтардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шаралары жалғасын табатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру