Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада есептегі сотталған ерікті азамат сотталған тұрғынға әлеуметтік көмек берді

Астанада есептегі сотталған ерікті азамат сотталған тұрғынға әлеуметтік көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының пробация қызметінде есепте тұрған ерікті ауыр жағдайға тап болған сотталған азаматқа көмек ұйымдастырды.

Ерікті азамат сәбилі болған отбасыға жөргектер, балаларға арналған гигиеналық құралдар, киім-кешек және азық-түлік жеткізді. Мұндай қолдау – түзету жолынан өтіп жүрген азаматтардың бір-біріне демеу болып, қиындықтарды бірге еңсеруге ұмтылатынының жарқын үлгісі.

Отбасы көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін шынайы алғысын білдірді. Осындай бастамалар сенімді нығайтып, жауапкершілікті арттырады және өзгерістер ең қарапайым адами игіліктерден басталатынын дәлелдейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру