Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада есірткі сататын интернет дүкен иесі ұсталды

Астанада есірткі сататын интернет дүкен иесі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде есірткі заттарын ірі мөлшерде заңсыз өткізуге қатысы бар 22 жастағы Астаналықты анықтады.

Есірткі сатушының тұрғылықты жерін тінту кезінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кіреберістің жоғарғы қабатында жабдықталған қуысты тапты. Қуыста оралған және сатуға дайын 29 жиынтық алынды.

Жеке тінту кезінде жігіттің қалтасынан есірткі ұнтағы бар 20 байлам табылды. Пәтерден пластикалық контейнерлер, есірткі заттары салынған пакеттер және 35 оралған байлам тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар жалпы салмағы 1 келі мефедрон есірткі құралы екені анықталды. 50 грамм және жалпы салмағы 300 грамм марихуана.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жас жігіт мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер заңнамаға сәйкес есірткі заттарын өткізу не өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау бабы бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру