Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада есірткі сатқан күдікті ұсталды

Елорда полицейлері 40 жастағы ер азаматты есірткі сақтап, сатуды ұйымдастырды деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сатушы көпқабатты үйдің ауласында қолға түсті. Жеке тінту барысында оның қалтасынан өсімдік тектес зат салынған 4 орама табылып, тәркіленді. Кейін күдікті тұрған пәтерді тінту кезінде балконнан осындай зат салынған тағы 90 пакет алынды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан гашиш есірткі затын тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрады.

Анықталғандай, ер адам есірткі салынған пакеттерді жасырын орындардан алып, ұсақ дозаға бөліп, қолма-қол сатып отырған. Кезекті рет осындай әрекет жасау кезінде оны жедел уәкілдер ұстады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру