Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды

Астанада есірткі саудасымен айналысқан ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция “Заң және Тәртіп” қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда.

Республикалық “Қарасора – 2025” жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Астана қаласының ПД жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп 47 жастағы ер адамды ұстады. Оның пәтерінен екі келіден астам есірткі табылды.

Тінту барысында электронды таразы, 87 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро және 3,5 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша табылды.

Тергеу барысында ер адамның есірткіні сатып алушылармен жеке кездесіп, қолма-қол түрде сатқандығы және төлемді тек қолма-қол қабылдағаны анықталды.

Сараптама бұл есірткі затының гашиш екенін көрсетті, бұл қылмыстық әрекеттің ауқымын дәлелдейді. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

"Қарасора – 2025" іс-шарасы жалғасуда. Ішкі істер органдары есірткізаттарын жеткізу мен таратудың, соның ішінде интернет-платформалар мен курьерлік схемалар арқылы жүретін жолдарын жабуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру