Астанада есірткі таратқан ер адам ұсталды
Астанада есірткі таратқан ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында деструктивті діни ағымның жақтаушысын ұстады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ол есірткі заттарын қолданумен, сақтаумен және таратумен айналысқан.
Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде шылым шегуге арналған құрал, діни мазмұндағы кітаптар (оларға тиісті сараптама тағайындалды) және діни мақсаттағы бұйымдар табылды.
Ер адамның қаладағы қонақүйлердің бірінде жұмыс істегені және сол жерде де тыйым салынған заттарды таратқаны анықталды.
Ол бұған дейін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.