Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада есірткі тасымалдаған күдікті қолға түсті

Астанада полицейлер қылмыстық әрекетін жаңа бастаған 33 жастағы әйелдің заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдеу барысында полицейлер бір үйдің маңында күмәнді іс-қимыл жасап, айналасына абыржып қараған әйелге назар аударған.

Құқық қорғау қызметкерлерін көрген сәтте оның мазасыздана бастауы полицейлердің күдігін күшейтті. Тексеру кезінде оның қалтасынан мефедрон есірткі заты салынған 10-нан астам түйіншек табылды. Кейін белгілі болғандай, ол үш күн бұрын интернет арқылы "жеңіл табыс" туралы хабарландыруға жауап беріп, есірткіні жасырын қойып кетуші ретінде жұмысқа тұрған. Дәл алғашқы "тапсырмасын" орындау кезінде полицияның көзіне түсіп, ұсталды.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция интернеттегі "жылдам табыс" көздеріне сенбеуді ескертеді. Соңы қылмыстық жауапкершілікке және өмірге қауіп төндіруге әкеліп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру