Астанада есірткі жарнамасына қарсы іс-шара өтті
Астанада есірткі жарнамасына қарсы іс-шара өтті , — деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада Сарыарқа ауданының учаскелік полиция инспекторлары және аудан прокуратурасының қызметкерлері бірлесіп Конституция көшесіндегі тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда есірткі қылмысының алдын алу, есірткі жарнамасы бар жазбаларды анықтау және жою шараларын түсіндіру болды. Жиын барысында тұрғындарға заңсыз граффити белгілерін дер кезінде хабарлау жолдары түсіндіріліп, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәртібі жайлы жан-жақты мәлімет берілді.
Сонымен қатар тұрғындарға арнайы ақпараттық жадынамалар таратылып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері мұндай кездесулердің басты міндеті – азаматтарды қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысуға шақыру және қаламыздың қауіпсіздігін бірге қамтамасыз ету екенін атап өтті.