Астанада ІІМ басшысының кубогына волейболдан турнир өтті
"Алатау" спорт сарайында волейболдан Ішкі істер министрінің кубогына турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Cайысқа ІІМ, ТЖМ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Қаржы мониторингі агенттігі, ІІМ Ұлттық ұланы, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, Көліктегі полиция департаменті және "Динамо" командалары қатысты.
- Бүгінгі волейбол турнирі - қазақстандық "Динамо" спорт қоғамының 100 жылдығына және Жеңістің 80 жылдығына арналған маңызды шара. Бұл жарыс спорттық дода ғана емес, күштік құрылымдардың қызметкерлерінің ауызбіршілігі мен достығын нығайтатын маңызды қадам, - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков.
Екі күнге созылған жарыс тартысқа толы болды. Жоғары бәсекелестік көрсеткен командалар жүзден жүйрік шығу үшін барын салды.
Турнир қорытындысы бойынша үшінші орынды ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, екінші орынды Ұлттық қауіпсіздік комитеті иеленді. Ал ІІМ құрамасы топ жарып, жарыстың жеңімпазы атанды.