Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ІІМ қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық кеш өтті

Елордада Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің балаларына арналған дәстүрлі жаңа жылдық шырша өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков балалар мен олардың ата-аналарына жылы лебізін білдірді. Ол бүлдіршіндерге зор денсаулық, оқуда табыс, армандарының орындалуын және бақытты жаңа жыл тіледі.

Іс-шара аясында қызықты көрме ұйымдастырылды. Балалар полиция техникасымен, қызметтік автокөліктер мен мотоциклдермен танысып, қызметтік итпен ойнады. Балалар техниканы жақыннан көріп қана қоймай, өздерін тәртіп сақшысы ретінде сезіне алды.

Сонымен қатар жаңа жылдық ертегі форматындағы театрландырылған қойылым болды. Сүйікті ертегі кейіпкерлері, музыка, би мен әзілдер мерекелік көңіл күй сыйлады.

Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру