Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада интернет-алаяқтықпен күрес бойынша түсіндіру дәрістері өткізілді

Астанада интернет-алаяқтықпен күрес бойынша түсіндіру дәрістері өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің кибер қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың киберқауіпсіздік туралы білімін арттыру мақсатында бірқатар мекемеде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, “Қазақтелеком” акционерлік қоғамының және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасының қызметкерлеріне арнап арнайы дәрістер ұйымдастырылды. Шара барысында интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, олардың жұмыс істеу әдістері, азаматтардың жеке деректерін қорғау жолдары және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықтың негіздері жан-жақты түсіндірілді.

Киберқылмыспен күрес басқармасының мамандары нақты мысалдар келтіре отырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, практикалық кеңестер ұсынды. Тыңдаушылар интернет желісінде алаяқтық әрекеттерден сақтанудың заманауи әдістерімен танысып, кибер шабуылдардан қорғану бойынша пайдалы ақпарат алды.

Аталған шаралар Астана қаласы аумағында цифрлық қауіпсіздікті арттыруға және интернеттегі алаяқтардың әрекеттеріне тосқауыл қоюға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру