Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары өткізілді
Астанада интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтардың цифрлық қауіпсіздігін арттыру және интернет алаяқтығының алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Осы бағыттағы кезекті шара аясында басқарма қызметкерлері "Астана Теплотранзит", "Астана РЭК" кәсіпорындарының қызметкерлеріне және Балалар оңалту орталығының мамандарына арнайы дәріс өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтығының кең таралған түрлері, олардың белгілері, сондай-ақ дербес деректер мен банк карталарын қорғау жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар күмәнді сілтемелерден сақтану және қаржы құралдарын қауіпсіз пайдаланудың негізгі қағидалары түсіндірілді.
Азаматтар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, практикалық кеңестер алды. Киберқылмыстардың алдын алуға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарды интернет кеңістігінде мұқият әрі сақ болуға, белгісіз сілтемелерге өтпеуге және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.