Астанада көлік дөңгелектерін ұрлаған тұрғын ұсталды
Астанада көлік дөңгелектерін ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорда тұрғыны үйінің жанындағы контейнерден құны 800 мың теңге тұратын 8 көлік дөңгелегі ұрланғаны туралы полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы ауданының жедел уәкілдері ұрлыққа қатысы бар 28 жастағы Астана тұрғынын анықтаған. Анықтау барысында тәртіп сақшылары күдіктінің дөңгелектерді ұрлаған сәті камераға түсіп қалғанын байқаған. Ер адам құлыпты бұзып, кейін таксиге дөңгелектерін тиеп, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл ретте ол, өтіп бара жатқан адамнан ұрланған дөңгелектерді гараждан таксиге жеткізуді өтініп, үлгергені де белгілі болған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұрлыққа қатысы бар азамат кінәсін мойындап, оның Астанада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.